Алакөлде суға батып кеткен бес адам құтқарылды

Олар катамаранмен серуендеп жүріп, аударылған.

ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінде 5 адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жағалау аймағын қайықпен патрульдеу кезінде құтқарушылар катамараннан суға түскен ер адамдарға судан шығуға көмектесті.

Кейін олар жағаға жеткізілді. Медициналық көмек қажет болмады.

«Адамдар су көлігін басқара алмаған. ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды», – деді Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.