Қырғызстандағы сел: қаза тапқан 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі

Көрші елде сел жүріп, екі кішкентай отандасымыз мерт болды, кейіннен тағы екеуінің денесі табылды.

Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігі жедел штабының ақпаратына сәйкес, сел тасқыны салдарынан бұрын жоғалып кеткен тағы 2 бала – Қазақстан азаматтарының денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі уақытта жергілікті биліктің көмегімен жеделдетілген режимде құжаттар ресімделіп, қажетті рәсімдер жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді еліміздің Сыртқы істер министрлігі.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқандардың туыстарына барынша көмек көрсетіп жатыр, – деп толықтырды ведомство.

Жақын арада еліміздің Төтенше жайдайлар министрлігінің ұшағымен қаза болған барлық 4 баланың денесі Қазақстанға жеткізіледі.

Бұған дейін көрші елдегі сел тасқыны салдарынан екі қазақстандық баланың көз жұмғаны туралы жазған едік.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.