87 миллион теңгеге салынған дәретханалар жұмыс істемей қалды

Мамандар қоғамдық дәретханалардағы ақауды жөндеп жатыр.

Қала тұрғындары модульді әжетханалардағы ақаулар туралы қалалық әкімшілікке хабарлады. Бұл туралы Аikyn.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды. 

Ақтауда 12 қоғамдық дәретхана бар. Оның бесеуі модульді, яғни қала тұрғындары оған QR код арқылы төлем жасап кіреді. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі модульді дәретханалардың істен шыққанын мәлімдеді. 

“Техникалық ақауларға байланысты QR код қосылғанша дәретханалар жұмыс істемейді. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жақында барлығын түзейміз. Қала тұрғындары мен қонақтарынан қоғамдық дәретханаларды таза ұстауды және қажет болған жағдайда гигиеналық заттарды пайдалануды сұраймыз”, – делінген ақпарат агенттігінің жазбасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.