Жақында ғана қызметке тағайындалған Қоянбаевтың жалақысы қанша екені белгілі болды

1 шілдеден бастап Нұрлан Қоянбаев Түркістан облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне кірісті. Десе де оның осы бір қызметін жұрт жиі желіде талқылап жатыр.

Ол Мемлекет басшысының креативті индустрия саласын дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында өңірде жаңа жұмыстар атқарады, – дейді Aikyn.kz сайты. Ал оның қанша жалақы алатыны туралы:

"Жалақы алмайды. Нұрлан Қоянбаев облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бұған дейін кездесу ұйымдастырып, бірқатар жобаларын ұсынды. Жобалар талқыланды. Оның жүзеге асуына дейін әлі біраз процедурадан өтеді. Сондықтан қазір жоба туралы нақты айта алмаймыз", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.