"Миы шайқалып, бет-аузы көгерген": жедел жәрдем фельдшері соққыға жығылды

Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр.

Оқиға Ақтауда 30 маусымның түн ортасында болған. Кенеттен жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Аikyn.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтемесе жасап.

Облыстық көпсалалы аурухана берген мәлімет бойынша, ұрып-соғу салдарынан дәрігердің миы шайқалған, параорбитальды гематома, сондай-ақ беті-аузы көгеріп қалған. 

Жәбірленушіні дәрігерлер тексеріп, оған медициналық көмек көрсетіп, амбулаториялық ем алуға жібергені айтылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір берді.

"Бұзақылық жасады деген күдікті ұсталды. Полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жарияланбайды", – деп хабарлады ведомство.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.