«Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді»: Мейрамбек Бесбаев әріптесіне қолдау білдірді

Танымал әнші Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалып, сот отырысы онлайн өтті.

Әнші Мейрамбек Бесбаев ұшақтағы жанжалға қатысты 15 тәулікке қамауға алынған әріптесі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайыңда жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті», - деп жазған әнші.

Танымал әнші Қайрат Нұртасұлы Айдарбековке қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін іс қозғалып, сот отырысы онлайн өткенін жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.