Аптап ыстық, жаңбыр, бұршақ: алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады.

«Қазгидромет» РМК 6-8 шілде аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, екпінді жел тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін.

Күн жаңбырлы болады.

Қолайсыз ауа райына Новосібір аймағынан келе жатқан циклон ықпал етеді. Соған байланысты елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндізгі ауа температурасы +20+28°C, оңтүстік-шығыста +25+33°C арасында сақталады.

Республиканың батысы мен оңтүстігінде +33+40°С градус аптап ыстық болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.