ҰБТ-дан 1 балл алған оқушы әлеуметтік желі жұлдызына айналып шыға келді

Желідегі видеода оқушы Ерасыл өзінің 1 балл алғанына пікір айтушыларды үш топқа бөлген.

TikTok-та Ерасыл Уалиев есімді оқушы өзінің Ұлттық бірыңғай тестілеуден 1 балл алғанын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Бірінші топ оны өзінің айтуынша “тупойсың” десе, екінші топ “не деген ақылдысың” деген, ал ендігі бір топ “бір ғана сұраққа жауап бергенсің” деп ойларын бөліскен.

Дегенмен 1 балмен антирекорд жасаған оқушы өзінің желідегі жазылушылары қазірдің өзінде мыңнан асқанын айтып, оқырмандарын ертесі күнге жоспарлаған стримге шақырып отыр.

“Айтпақшы, менде стрим ашылыпты. Ертең 8-ден 9-ға дейін стримге кіріңіздер, сұрақтарыңызға жауап беремін”, - дейді Ерасыл.