БҚО-да 4 адам желмен ұшып кетті

ТЖМ су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салады.

БҚО-да желмен ұшып кеткен 4 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Орал қаласы Шаған өзені бойында, мәдениет және демалыс саябағында болған. 

Әкесі мен қызы және 17 жастағы екі жасөспірім жүзу құралдарынсыз алысқа жүзіп кетіп, қатты желдің салдарынан өздігінен жағаға орала алмай қалды. Патрульдеу кезінде оларды құтқарушылар байқап, көмекке келді. Медициналық көмек қажет болмады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.