Астанада тәтті бәліш жеген 16 бала уланып қалды

Компанияға айыппұл салынды, бірақ нақты сомасы аталмады.

Астанада Қосшыдағы өнеркәсіп орнында дайындалған "Лакомка" бәлішінен 16 бала уланып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

Анықталғандай өндіріс орнында арнайы рұқсат болмаған. 

"Бәліштерді тасымалдау кезінде сақтау талаптары бұзылған. Салдарынан Астанада 16 бала уланды. Өндіріс орны Қосшыда орналасқандықтан, ақмолалықтар да зардап шегуі мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина. 

Компанияға айыппұл салынды, бірақ нақты сомасы аталмады. Сонымен қатар кәсіпкерге заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту берілген.