Ардақ Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

Министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ардақ Амангелдіұлы Амангелдиев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол 1975 жылы дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Сондай-ақ Ли Куан Ю атындағы мектеп пен Д.Кеннеди атындағы Гарвард мектебінің бірлескен шеберлік бағдарламасын (мемлекеттік басқару бойынша магистр) оқыған. 

Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды облыстық қаржы басқармасының бас маманы болып бастады. Әртүрлі жылдары Қаржы министрлігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, Денсаулық министрлігінде, «Қазына» тұрақты даму қорында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында, Ұлттық банкте, Премьер-Министрдің кеңсесінде және ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет етті. 

2016-2023 жылдар аралығында «Астана» халықаралық қаржы орталығында басқарушы кеңесшісі, АХҚО басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Аталған министрлікте стратегия, экономика және қаржы мәселелеріне жетекшілік етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.