Алакөл маңында жер сілкінді

Магнитудасы – 3,7.

Кеше, 11 шілдеде Астана уақыты бойынша 23:24-те Алакөл маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

«Эпицентрі Ақши ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 3,7», – деп жазылған мәліметте.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.