Боксшы Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында есінен танып, ауруханаға түсті

Кездесу 13 шілдеге жоспарланған болатын.

WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей Михайлович арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Кездесу 13 шілдеге жоспарланған болатын. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен. 

TopRank проуметрлік компаниясы әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек «Qazaq Style» Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей «Renegade» Михайлович арасындағы жекпе-жектің өтпейтінін хабарлады.

«Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичпен ертең кешке болатын өтетін жекпе-жегі өтпейтін болды. Жәнібек бейсенбі күні салмақ қуу кезінде ағзаға су жетіспеушілігі салдарынан талып қалуына байланысты ауруханаға жатқызылды», — деп жазды Бенсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасына.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.