Абай облысының әкімі қызында брендтік бұйым жоғын айтты

Мәриям Ұранхаева үнемі джет ұшақтарымен ұшып, шетелдерде демалып, брендтік дүкендерден киінеді екен.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев қызы Мәриям Ұранхаеваға қатысты желіде тараған жазбаларды жоққа шығарды. Бұл туралы Аikyn.kz сайты “Обожаю” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Журналист Асхат Ниязов Нұрлан Ұранхаевтан қандай жеке кәсіпке иелік ететінін сұрады. Облыс әкімі жылжымайтын мүлікті жалға берумен ғана айналысатынын, мұның барлығы кіріс туралы есепте көрсетілгенін және қалаған адам тиісті органнан құжат сұратып, кірісі туралы ақпарат ала алатынын айтты. 

“Мүлкін жалға беретін компаниялардан басқа компанияға менің де, әйелімнің де, балаларымның да қатысы жоқ”, – дейді облыс әкімі. 

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде кез келген адам түрлі нәрсе жаза алады. Сондай-ақ әкім қызында брендтен қымбат бұйымдар жоғын айтты.

“Ол – қарапайым студент. Соған сәйкес өмір сүреді. Пәтерді жалға алады, жатақханада тұрмайды. Көлігі жоқ, чартерлік рейспен ұшпайды. Миллион теңге тұратындай не көрдіңіз? Менің ойымша, суреттерге қарап баға берудің қажеті жоқ. 20 миллион теңге тұратын сөмке ұстамайды. Жай ғана біреулер айтқысы келген. Өзіңіз білесіз, қазір дұрыс әрекет жасаған жағдайда кез келген назарды аударуға болады. Қызым жақында Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын аяқтап, диплом алды. Ол Қазақстанға келіп жұмыс істейді. Өзі келгенде көрерсіз. Қызымда ақша түсетін банк картасы бар. Есепшоттағы әрекеттерді тексеріңіз, не кедергі? Бұл – қалыпты дүние”, – дейді ол.

Еске салайық, бұған дейін, Абай облысы әкімінің қызы Мәриям Ұранхаева үнемі джет ұшақтарымен ұшып, шетелдерде демалып, сауық-сайран салып жүретіні де желіде тараған еді. Сондай-ақ Нұрлан Ұранхаев балаларының бренд қумайтынын, қарапайым жұмыс істейтінін айтқан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.