Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева "Мамский әңгіме" жобасында отбасы, бала тақырыбында сөз қозғады, - деп жазды Aikyn.kz.
"Екінші бала керек" деген кез келген отбасында болады. Бірақ бұл жеке менің отбасымда емес, жан-жағымызда болды. Бұл кезде де менің ойым ғой. Бірінші бала болмайды деген кезде де мен "ажырасайық" дегенмін. Осы жолы да эмоцияға беріліп жазылған нәрсе еді. Бірақ ажырасқан жоқпыз. Қызымды жақсы әкеден айырғым келмейді. Өзім де мұндай жақсы жардан айырылғым келмейді. "Ұрпақсыз жүре бересің бе?" деп арамызға іріткі салатындар көп", - деді актриса.
Актриса күйеуіне екінші әйел алуға рұқсат бергенін айтады.
"Егер ұрпақсыз қалып бара жатырмын, екінші әйел аламын десең, мен қарсы емеспін" дедім. Бірақ жолдасым "Қой, айналайын" деді. "Керек болса, мен өзім жасаймын, мен айтпасам, демек ол нәрсенің маған керегі жоқ, сен мен үшін шешпе" деді. Сондықтан бұл әңгімені қозғамаймыз", - деді Жұлдызай Дүйсенбиева.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.