Париж – 2024: Абиба Әбужақынова 5-орын алды

Бүгін іріктеуде Әбиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған.

Ұлттық құрама дзюдошысы Абиба Әбужақынова Париж Олимпиадасының қола жүлдесі үшін белдесуле Тара Бабулфаттан (Швеция) жеңілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, бұл – Абибаның алғашқы Олимпиадасы. Бүгін іріктеуде Абиба Шира Ришониды (Израиль), Лень Чэнь-Хаоны (Тайпей) ұтып, жартылай финалда испан Лаура Мартинестен ұтылған. 

Ал жұбаныш белдесуінде Габриэла Нарваэстің (Парагвай) жауырынын жерге тигізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.