Елдос Сметов: Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалды

Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты.

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов жетістікке жету жолында барлық қиындықты жеңуге болатынын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

"Мүмкін емес нәрсе жоқ. Соған көзім жетті. Егер ниет болса, бәрін де жеңуге болады. Бәрі де қолдан келеді екен. Жақсылық Үшкемпіров атамыздың арманы орындалып, жекпе-жек түрлерінен қазақтан Олимпиада чемпионы шықты. Өте қуаныштымын! Өзімнің үшінші мүмкіндігімде чемпион атандым. Бұған дейін күмісті де, қоланы да алдым. Әлем чемпионы атандым. Халқымды қуантудан  артық бақыт жоқ",-  деді Сметов. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Айта кетелік, Париж Олимпиадасының финалында Елдос Сметов жергілікті балуан Лука Мхеидзені жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.