Дзюдо: Ғұсман Қырғызбаев Еуропа чемпионатының жүлдегерін тізе бүктірді

Париж Олимпиадасында дзюдо бәсекесінің екінші жарыс күні басталды.

Дзюдо спорты бойынша екінші жарыс күнінде 66 келідегі жерлесіміз Ғұсман Қырғызбаев бірінші айналымда Давид Гарсия Торнеден (Испания) алты жарым минутта басым түсті, - деп жазды Aikyn.kz.

Енді келесі айналымда Олимпиаданың 2 мәрте жүлдегері Ан Баул (Оңтүстік Корея) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Ғұсман Қырғызбаев – 2021 жылы Будапештте (Мажарстан) өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.