Сенсация: Руслан Құрбанов 1/8 финалда Олимпиада чемпионын жеңді

Есеп: 15-10.

Семсерлесуден ерлер арасындағы жекелей сында командамыздың көшбасшысы Руслан Құрбанов 1/8 айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, 2 дүркін әлем чемпионы Ромен Каннонды ұтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Есеп: 15-10. Осыған дейін Руслан алғашқы кездесуінде марокколық Хуссас Ел Кордты 15-13 есебімен жеңді. 

Айта кетейік, Руслан былтыр Миландағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған. Бұл еліміз үшін ӘЧ-ның алғашқы жүлдесі саналады.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.