Айгерім Сарыбай Олимпиада ойындарының жүлдегері Манон Брюнеге есе жіберді

Ол Токио Олимпиадасының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионы, француз Манон Брюнеден ұтылды.

Париж Олимпиадасында саблямен семсерлесуден әйелдер арасындағы бәсекелер жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, Әйгерім Сарыбай жеңіліс тапты, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Қылыштасудан Ұлттық құрама спортшысы Айгерім Сарыбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы айқасында алжирлік қарсыласы Чайма Бенадуданы жеңген еді.

Бірақ Әйгерім Олимпиаданың 1/16 айналымында екі дүркін Олимпиада жүлдегері,  франциялық Марин Брюнеге жол берді. 

Есеп  12:15.