Дзюдошы Данияр Шамшаев алғашқы белдесуінде ұтылып қалды

73 келіде сынға түскен ол өзбекстандық Муроджон Юлдашевқа шидо саны бойынша есе жіберді.

Қазақстандық дзюдошы Данияр Шамшаев Париж Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жекте жеңіліп қалды, деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

73 келіде сынға түскен ол өзбекстандық  Муроджон Юлдашевқа шидо саны бойынша есе жіберді. 

Айта кеткен жөн, бұл  Шамшаевтың алғашқы Олимпиадасы.