Бадминтон: Дмитрий Панарин Париж Олимпиадасындағы екінші матчында жеңіліп қалды

Панариннің қарсыласы – 22 жастағы канадалық спортшы Брайан Янг.

Бадминтоннан Қазақстан командасының мүшесі Дмитрий Панарин 2024 жылғы Олимпиада ойындарының аясында екінші   матчын өткізді , - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Панариннің қарсыласы – 22 жастағы канадалық спортшы Брайан Янг. 

Матч екі геймге созылып, 21:18, 21:10 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. 

Қазақстандық спортшы D тобында өнер көрсетті. Алғашқы ойында ол жапониялық Кенто Нишимотодан жеңілген еді. 

Келесі айналымға топта жеңіске жеткен спортшы ғана өтеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.