Алматы облысының тауларында 25 бала адасып кеткен

Балалар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасып кеткен.

Алматы облысында 25 бала мен бір ересек адам тауда адасып қалған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасаған Аikyn.kz хабарлайды.

Талғар ауданында Таусамалы таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан бір ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздестірді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде Республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.

Демалушылар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.