Резерваттың бас директоры Ертіс орманында ағаштарды сатқан

150 миллион теңгеге залал тигізді.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Антикордың «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша ұсыныс қаралды. 

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев, уәкілетті органның басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Ұсыну табиғи резерватта сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деген күдікке ілінді.  

ҰҚТ-ның қылмыстық әрекетінен мемлекетке 150 млн теңгеден астам сомада залал келді.

Министрлікке сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша, оның ішінде орман қорын түгендеу және қорғау процестерін цифрландыруды енгізу жолымен кешенді шаралар қабылдау ұсынылды.

ҰҚТ қатысушылары қамауда. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.