«Өзім дайындадым»: Серік Ибрагимов желіге Елдос Сметовпен күрескен видеосын салды

Әнші Елдосты құттықтай отырып, оны өзі дайындағанын айтып, әзілдеді.

Танымал әнші Серік Ибрагимов Париж Олимпиадасының жүлдегері Елдос Сметовті жеңісімен құттықтап, осыдан 5-6 жыл бұрын екеуінің күрескен видеосын өзінің парақшасына жүктеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

"Олимпиада чемпионы, алтын жүлдегері, қазақтың батыры. Құтты болғай! Бәріне дәлелдеді. Үлкен жүрек иесі. Өзім дайындадым. Видеоның соңын көріңіздер! 5-6 жыл бұрынғы видео, ол кезде мен формада емес кезім", – деп жазды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.