Париж-2024: садақ атудан сынға түскен Ильфат Абдуллин жеңіліп қалды

Аталған кездесуде Ильфат 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Париждегі Олимпиада ойындарында садақ атудан ерлер арасындағы турнир басталды. Қазақстаннан алғаш болып Ильфат Абдуллин сынға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Команда үздіктерінің бірі  1/32 финалда канадалық Эрик Питреске қарсы ойнаған болатын. 

Аталған кездесуде Ильфат 4:6 есебімен жеңіліп қалды. 

Енді спорттың бұл түрінен Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко сынға түседі. Олар 1 тамыз күні бақ сынайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.