Парамен ұсталған «Алматы тазалық» басшысы айыппұл төлейтін болды

Алматы қаласы коммуналдық кәсіпорнының басшысы жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директоры А. Тоқтасынов пен «Қала көркейту» ЖШС жеке компаниясының директоры С. Байжанов жемқорлық фактісі бойынша сотталды.

Тоқтасынов Алматы көшелері мен тротуарларын күтіп ұстау бойынша қосалқы мердігерлік қызмет шартын жасасқаны және орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден 2,7 млн теңге сомасында пара алған.

Сот үкімімен Тоқтасыновқа – 81 млн теңге сомасында айыппұл, Байжановқа – 3 жыл және 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.