Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алған жоқ

Жеңіс 4:2 есебімен египеттік Ассардың еншісінде кетті.

Үстел теннисінен Қазақстан командасының үздігі Кирилл Герасименко Париж Олимпиадасының ширек финалына өте алған жоқ, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Олимпиаданың 1/8 айналымында Герасименко Египет өкілі Омар Ассармен кездесті. 

Алғашқы екі сетте Герасименко 11:8, 11:6 есебімен қарсыласын оңай жеңді. Үшінші кезеңді египеттік теннисші өте қарқынды бастап, қара үзіп кеткен болатын. 

Десе де, Герасименко есеп айырмасын қысқартты. Алайда, тап осы сетте жеңіс 12:10 есебімен қарсылас еншісінде кетті.  

Содан соң, Омар Ассар тағы да белсенділік танытып, 12:10 және 11:9 есебімен жеңісті жұлып алды. Осылайша, 3:2 есебімен жалпы есепте алға шықты. 

Ал шешуші сетте Герасименко таразы басын теңестіре алған жоқ. Жеңіс 4:2 есебімен египеттік Ассардың еншісінде кетті. 

Айта кеткен жөн, бұған дейін Кирилл Герасименко германиялық Дан Цюді ұтқан болатын.