Париж-2024: Валентина Хальзова панамалық боксшыға есе жіберді

Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Валентина Хальзова Париж Олимпиадасындағы бірінші кездесуінде қарсыласына есе жіберді,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Әйелдер арасында 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Хальзова бірінші айналымда панамалық Атейла  Байлонмен кездескен болатын.

Алғашқы раундта қазақстандық спортшы 3:2 есебімен алда тұрды. Екінші раундта төрешілер Атейлаға ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Соған қарамастан, бұл кезеңде де панамалық боксшы 4:1 есебімен  ұтты. 

Ал шешуші раунда Байлон тағы да 4:1 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті. Қазақстандық боксшы болса, жарысты аяқтады. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.