«Тактиканың 60 пайызын орындадым»: Валентина Хальзова Париж Олимпиадасындағы жекпе-жегі туралы айтты

Валентина Хальзова панамалық спортшыға есе жіберді.

Бокстан 75 келі салмақта сынға түскен Валентина Хальзова  алғашқы айналымдағы жеңілісінің себебін түсіндірді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Екі раунд алда тұрдым. Үшінші кезеңде де есепте алда болдым деп ойлаймын. Маған солай көрінді. Төрешілік туралы ештеңе айта алмаймын. Солай болуы керек шығар. Қарсыласым Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері. Өте тәжірибелі спортшы. Бірақ мен  алғашқы екі раундқа қарағанда үшінші раундта әлдеқайда дәлірек болдым. Қойылған тактиканың 60 пайызын орындадым. Соққыларын күтіп ала бастадым. Екінші раундтың басында ол мені басымен соқты. Содан соң, екі раунд бойы демала алмай, капа арқылы демалуға тырыстым. Төрешілік туралы не айтамын? Төбелестен соң жұдырық жұмсамайды. Әрине, өкінішті. Қаншама жұмыс істеліп, бәрінің осылай аяқталғаны... Мен осы Олимпиадада Қазақстан Әнұраны шырқалады деп сенемін», - деді Хальзова. 

Айта кетелік, Валентина Хальзова панамалық спортшыға есе жіберді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.