Астанада автомобильдер мен жаяу жүргіншілер үшін көлік қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік күзет қызметіне сілтеме жасап.
Қоғамдық-саяси іс-шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында елорданың жекелеген көшелерінде:
Есіл ауданында: Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр даңғылы, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала, Достық, Керей, Жәнібек хандар көшелері
Нұра ауданында: Тұран, Ұлы Дала даңғылы
Алматы ауданында: Тәуелсіздік даңғылы, Нәжімеденов, Аманжолов көшесінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.
«Осы жылдың 3 тамызында дайындық аясында бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ Қарулы Күштердің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді. Осыған байланысты елорда тұрғындары мен қонақтарынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Мемлекеттік күзет қызметінің хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.