ҰҚК жедел түрде 38 адамды ұстады: көп мөлшерде ақшалай қаражат тәркіленді

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды.

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жедел қызметкерлері мен шекарашылары Қаржы мониторингi агенттiгiмен бiрлесіп, «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстандық бөлiгiнде жұмыс iстеген 8 жасырын казино әрекетінің жолын кестi, – деп хабарлайды Aikyn.kz

 

2024 жылғы 18 шілдеде осы әрекетке қатысы бар деген күдікпен 32 шетелдік және 6 Қазақстан азаматы ұсталды.

«Тінту барысында ойын автоматтары мен үстелдер, құмар ойындарын ұйымдастыруға арналған техникалық жабдықтар, сондай-ақ көп мөлшерде ақшалай қаражат алынды. Жетісу облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы  1-бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.