Садақ ату: Александр Еременко Олимпиада ойындарында франциялық спортшыдан ұтылды

1/32 финалда Еременко франциялық Баптист Аддистен ұтылды.

Садақ атудан Қазақстан командасы Олимпиада ойындарын аяқтады. Қазақстандықтар сапынан ең соңғы болып Александр Еременко сынға түсті,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

1/32 финалда Еременко франциялық  Баптист Аддистен ұтылды.

Есеп – 6:2. 

Айта  кетелік, бұған дейін Ильфат Абдуллин мен Дәулеткелді Жаңбырбай жарыс жолынан шығып қалған болатын. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.