Мұхамедсабыр Базарбайұлы Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді.

Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ерлер арасында 63,5 келіде сынға түскен Мұхамедсабыр Базарбайұлы турнирдің ширек финалында грузиялық Лаша Гурулиден жеңіліп қалды. 

Алғашқы раундта Базарбайұлы 5:0 есебімен алға шыққан. Алайда, төрешілер екінші раундтағы жеңісті 0:5 есебімен Гурулиге берді. 

Шешуші кезеңнен соң қазылар 3:2 есебімен Лаша Гурулиді жеңімпаз деп таныды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.