Ауыл әкімдерін сайлау – стратегиялық қадам

«Адал азамат» ұғымының өзі елге, мемлекетке, отбасы­ға адалдықтан бастау алатыны сөзсіз.

Түркістан облысы­ның орталығы Түркістан қала­сын­дағы оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы­ның ұйым­дастыруымен өңірдегі ауыл­дық округ әкімдерінің алғаш­қы форумы өтті. Фо­рум­ның рес­ми бөлігі бастал­ған­ға дей­ін жиынға қатысушы ауыл әк­ім­дері­не партияның әкімд­ер корпусымен ынты­мақ­­таса атқаратын жұмыс ба­ғыттары бойынша семинар ұйымдас­тырылды.

Семинарда партияның беделіне ай­нал­ған, сайлаушылардың кең қолдауына ие болған «Ауыл аманаты», «Жер аманаты», «Қарызсыз қоғам» жобаларын іске асыруда ауыл әкімдері тарапынан жиі қо­йы­латын сауалдар талқыланып, атал­ған бағдарламаларды нақтылы жүзеге асыру­дың тетіктері мен талаптары түсін­дірілді. 

«Ауыл аманаты» бағдарламасының шең­берінде ауыл тұрғындарының табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруда егін, мал, құс және балық шаруашылықтарының қызметін жолға қою, ауыл шаруашылығы кооператив­терінің техникалық паркін жаңарту міндеттері бойынша Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плалов ауыл әкімдері қойған сауалдарға жауап берді. «Жер аманаты» бойынша жайылым жерлерді ортақ игілікке қайтару мәселелері жөнінде Түр­кістан облысының Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген мағлұмат берді. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында тұрғындардың қаржылық сауатын көтеруге арналған оқу курстарын өт­кізу мәселесіндегі түйткілді сауалдарға «Ұлы дала» қауымдастығының Түркістан облысы бойынша менторы, лектор Жандос Әзімбай жауап берді. Талқыланған тақырыптың мәнін ашуда қаржылық сарапшылар әзірленген бейнеролик көрсет­іліп, қоғамдағы өзекті мәселенің түпкі мәні ашылды. 

Форум жұмысының ресми бөлігіне Түр­кістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстағы құқық қорғау органдарының басшылық құрамы, аумақтық партия фи­лиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары, 172 ауылдық округ әкімдері, партияның жауапты қызметкерлері қа­тыс­ты.

Форум мәжілісін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихат­ын­дағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев ашып, жүр­гіз­ді. Мемлекет басшысы «Әкімдер – биліктің әрбір елді мекендегі тікелей өкілі. Жұрт олардың қызметіне қарап, бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін бағалайды», – деп атап көрсеткенін айт­қан партияның өңірлік филиалының төрағасы, «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық тірегі ретінде, Жаңа Қазақстанның саяси жүйесін жаң­ар­туға, елдің тұтастығын бекемдейтін саяси үрдістердің барынша ашық болуына үлесін қосып жатқанын жеткізді. Осы орайда, Парламент Мәжілісінің Спикері, партия Төрағасы Ерлан Қошанов ауыл әкімдерінің сайлауы, ең алдымен, ауыл тұр­ғындарының мүддесін қорғауға бағыт­тал­ғанын ерекше атап өткенін назарға алды. 

«Экономикасы ауыл шаруашылығына бейімделген, тұрғындарының 80 пайыздан астамы ауылдарда тұратын Түркістан облысы үшін ауыл әкімдерінің сайлауы – шын мәнінде, ашық саяси бәсекелестікті білдіретін, қоғамның саяси белсенділігін арттыратын, ауыл-аймақтардағы қорда­лан­ған мәселелердің шешу жолдарын ұсынып, жергілікті сайлаушыларға таңдау еркін беретін, стратегиялық мәні айрықша қадам болды. Облыстың барлық аудан, қалаларында филиалдары бар партиямыз, атқарушы билік жауапкершілігінің жоға­ры болуын қамтуда және партияның бас­ым­дық­тарын іске асыруда, ауыл әкім­дері­нің сайлауына өз кандидаттарын ұсынып, халықтың қолдауына ие болған бүгінгі таңдағы ең ықпалды саяси күш болып отыр», – деп атап көрсетті партия­ның өңір­лік филиалының төрағасы.

Форумның ашылуында сөз алған Түр­кістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ауыл әкімдеріне тұр­ғын­дар тарапынан зор сенім артылғанын жеткізді. Облыс бойынша 181 ауылдық округ әкімдерінің 174-і сайлау нәтижесі­мен лауазымдарына тағайындалғанын атап өтті. Өңір көлемінде ауылдық аймақ­тарда іске асып жатқан жобалар жөнінде кеңінен тоқталды. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасымен 2023 жылы 166 елді мекенде 382 жобаны іске асыруға 31,3 млрд теңге бағытталғанын мәлімдеді. Осы жоба бойынша биылғы жылы 211 жобаны іске асыру жұмыстары қолға алынып, 28,1 млрд теңге бағытталғанын жеткізді. Сон­дай-ақ облыс әкімінің орынбасары «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасы мен «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы жөнінде кең көлемді ақпарат берді.

Ауыл әкімдеріне күн тәртібіндегі өзекті деген мәселелер бойынша әдістеме­лік көмек көрсетуді мақсат тұтқан жиын барысында, ауыл әкімдерінің корпусы мен облыстық деңгейдегі құқық органдары арасында өзара ықпалдастық байланыстарды орнату міндеті де көзделді. Партия ашып берген алаңда Түркістан облысындағы құқық органдарының басшылары өздері жетекшілік ететін салалар бойынша ауыл әкімдерімен бірлесе атқар­ылуы тиіс жұмыстарды баяндады, өзара ықпалдастықты арттырудың тиімді тетіктерін талқылады.

Маңызды практикалық мәні айшық­тал­ған жиында Түркістан облысы прокур­орының орынбасары Саян Келдібеков хабарлама жасап, жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңдылықтың сақ­талуы, азаматтар өтініштерін қарау, қо­ғам­дағы өзекті мәселелерді оңтайлы шешуде заңда белгіленген тәртіпте қажетті шаралар қабылдау мәселелерінде назар аударылуы тиіс талаптарға тоқталды. Түр­кістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов қоғам тұрақтылығын сақтау мен қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуда ауыл әкімдерімен бірлесе атқарылуы тиіс жұмыстарды баяндады, полиция құрылымдарымен өзара байланыстарды арттырудың мүмкіндіктерін тізіп берді.

Ал ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев пен ҚР Қаржылық мониторинг агент­тігінің Түркістан облысы бойынша эконо­ми­калық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев қоғамдық қатынастарда сыбайлас жемқорлықпен байланысты тәуекелдерді төмендету, қоғамда осы келеңсіз көрініспен ымырасыз күрес жүргізу, нағыз құқықтық қоғам құру міндеттеріне тоқталды. Мемлекеттік сатып алу процедураларының ашықтығын қамтамасыз ету, сатып алынатын тауар­лар­дың, жұмыстар мен көрсетілетін қыз­меттердің сапасы бойынша мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мен мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін күшету мәселелері кеңінен баяндалды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасының басшысы Мейрамбек Көкенов салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бо­йынша ауыл әкімдерімен бірлескен іс-қимыл жүргізу бағытында қабылданған шешімдер жөнінде баяндады.

Форум жұмысының соңында мәжіліс­тің қорытынды құжаты қабылданып, партия мен ауыл әкімдерінің корпусы ара­сын­да өзара тиімді жұмыс жүргізуді жалғастыруда бірқатар міндеттер белгіленді. Жиынға қатысушы әкімдердің атынан сөз алған Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округінің әкімі Сейтхан Ателов ауыл әкімдерінің жұмысына қажетті көптеген пайдалы ақпараттар алуға мүм­кін­дік берген көшбасшы партияға алғыс айтты.

Партиямен терең ықпалдастықта жұ­мыс жүргізіп, партия айқындаған құн­ды­лықтарды табысты іске асыруда белсенділігімен танылған 48 ауыл әкіміне Түр­кіс­тан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов пен партияның өңірлік филиалының төрағасы, Түркістан облыс­тық мәслихатындағы партиялық фракция­ның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Алғыс хаттар табыстап, жемісті еңбек­тері­не ризашылықтарын білдірді.

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы