Атырауда алаяқтық жолмен несие рәсімдеген күдікті қолға түсті (видео)

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр.

Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес тобының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бірнеше тұрғынның атынан несие рәсімдеген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінен жазғандай, 36 жастағы күдікті банк қосымшасы арқылы 7 млн теңгеге жуық несие рәсімдеген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты алаяқтық дерегімен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.