Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты

Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды.

Боксшы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Боксшымыз Назым Қызайбай (50 келі) Париж Олимпиадасының ширек финалында Ингрит Лорена Валенсия Викторияны (Колумбия) сенімді түрде жеңді. 

Төрешілер есебі: 4-1. 

Қуанышымызға орай, Назым бокстан команда қоржынына кемі екінші қола жүлдені салды. 

Енді Назым финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. 

Айта кетейік, Назым Парижде алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. 

Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Осымен 3-рет Олимпиадаға қатысып тұр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.