Республикадағы ірі тау-кен металлургиялық компаниялар машина жасау саласындағы серіктестік туралы келісімге келді

«Қазмырыш», «Қазақмыс» және ERG сынды Қазақстандағы үш ірі тау-кен металлургиялық компаниясының басшылары Риддердегі «Қазмырышмаш» машина жасау кәсіпорнында кездесті. Сала көшбасшылары импорт алмастыру және елішілік құндылықты дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Риддердегі өнеркәсіптік кешен кездесу орны ретінде кездейсоқ таңдалмаған. Соңғы 25 жылда жөндеу кәсіпорны машина жасау саласындағы көшбасшылардың біріне айналды. «Қазмырышмаш» жабдық пен бөлшектер өндірісінде қазақстандық үлес пен импорт алмастыруды дамытудың үлгісі болды. Техникалық қайта жарақтандырудың арқасында кәсіпорын кез келген күрделі деңгейіндегі жабдықты жасай алды.

«Қазмырыш» компаниясының бас директоры Жанат Жанботин әріптестеріне өндірістің мүмкіндіктері мен ынтымақтастықтың бағыттары туралы айтты. «Қазақмыс корпорациясы» Басқарма төрағасы Нұрахмет Нұриев пен «Еуразиялық Топ» ЖШС бас директоры Серік Шахажанов импорттық материалдар мен құрал-жабдықтарды отандық материалдарға ауыстырудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақмыс» компаниялар тобындағы осындай кәсіпорын – Қарағанды құю-машина жасау зауыты флотациялық жабдықтар, ұсақтау-ұнтақтау және конвейерлік агрегаттар, сондай-ақ кәсіби жабдықтар үшін құрамдас бөлшектер өндіреді, өндіріс жедел қарқынмен дамып келеді.

ERG (ERG Service) машина жасау активі жыл сайын тау-кен-металлургия және энергетика салалары кәсіпорындары үшін мыңдаған өнім шығарады: бұл технологиялық және жүк көтергіш жабдықтар, арнайы мақсаттағы крандар, сондай-ақ мұнда үздіксіз құйылған дайындама, ұсақ сұрыпты прокат және тегістейтін шарлар өндірісі жолға қойылған.

Кездесуге қатысушылар тауарлар, жұмыстар мен қызметті қазақстандық баламасына ауыстыру мүмкіндіктерін талдауға уағдаласты. Тәжірибе алмасу бұл жоспарды сәтті жүзеге асыруға септігін тигізуі мүмкін.

«Қазмырыш» өндірісті дамыта отырып, 20 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық өндірушілерге басымдық беріп келеді. Бүгін қазақстандық компаниялардың осы бағыттағы күшін біріктіруде зор әлеуетті байқадық. Машина жасау ресурстарымыз бен тәжірибемізді шоғырландыру өнеркәсіптік қайта бөлудің неғұрлым жоғары деңгейін өндірудің өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді «Қазмырыш» бас директоры Жанат ЖАНБОТИН.

Тау-кен металлургия компаниялары өкілдерінің келесі кеңесі Астанада өтеді. Онда импорт алмастыру және машина жасау саласын дамытудағы жұмыстың нәтижелері ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.