Астанада бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Астанада бір жасар бала екінші қабаттың терезесінен құлады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оқиға бүгін Астана қаласының Алматы ауданында болған.  Түрлі жарақаттары бар ұл бала ауруханаға жатқызылды. 

ТЖМ ескертеді: 

Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз; 

Москит торлары құлаудан қорғамайды; 

Балаларға ересектерсіз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.