Мені қуанта алатын жалғыз еркек: Жұлдыз Әбдікәрімова кітап дүкенінде кездестірген оқиғасын бөлісті

Эстрада әншісі Қайрат Нұртастың бұрынғы жары әлеуметтік желіде кезекті жаңалығын жариялады.

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде өзін бақытты ете алатын, қуанта алатын ер адамның есімін жариялады, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Кітап дүкенінде жігітімді кездестіріп қалдым. Менің өмірімді өзгерте алатын, мені қуантып, бақытты ете алатын жалғыз еркек - осы", - деген ол кітаптың мұқабасындағы Бенджамин Франклиннің суретін көрсетті.