Грек-рим күресінен Қазақстан командасының өкілі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
77 келі салмақта сынға түскен Демеу жартылай финалда әзербайжандық Санан Сүлеймановтан басым түсті.
Айта кетелік, ширек финалда Демеу Жадыраев екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Ақжол Махмұдовты жеңген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.