Ертең Астанада Ташкенттің мәдениет күндері өтеді

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Астанада Ташкенттің мәдениет күндері 7 және 8 тамыз күндері өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Елорда әкімдігінің ресми сайты жазғандай, іс-шара 7 және 8 тамызда елорданың орталық саябағында өтеді. Мәдениет күндері аясында Ташкент әртістерінің қатысуымен жарқын концерттік бағдарламалар, ұлттық өнер және қолөнер көрмелері, отбасылық спорттық жарыстар мен ойындар, Ташкент пен Өзбекстанның туристік мүмкіндіктерінің тұсаукесерлері ұйымдастырылады. Дәстүрлі өзбек тағамдары да сатылатын болады.

Іс-шара сағат 15:00-де басталады.

Сағат 19:00-де елордалық Амфитеатр сахнасында өзбек эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.