Бишімбаев ісі: Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа шағым түсірді

Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қуандық Бишімбаевтың қылмысын жасырамын деп абақтыға жабылған інісі Бақытжан Байжанов әлі күнге сот шешімімен келіспей отыр. Бұл жолы ол жазаны жеңілетуді сұрап Жоғарғы сотқа шағым түсірген, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Іс материалдары Жоғарғы сот судьясының қолына тиіпті. Бірақ тыңдалым күні әзірше белгісіз.

Бақытжан Байжанов аса ауыр қылмысты жасырды деген айыппен 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал сол қылмысты жасаған, яғни әйелін азаптап өлтірген үшін айыпты деп танылған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталған. Экс-министрдің апелляциялық шағымы да қанағаттандырылған жоқ. Қазір ол жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.