СІМ қазақстандықтарға Бангладешке барудан уақытша бас тартқан жөн екенін ескертті

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін бармауды ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтарды қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз, – деді министрлік өкілдері. 

Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері: +7 (7172) 720111 (кезекші дипломат) +7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp) Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері: +91 1145 555 106 +91 9667 118 363