Тректегі велоспорт: Андрей Чугай іріктеу кезеңінде өнер көрсетті

1/32 финалға 24 спортшы жолдама алды.

Париждегі Олимпиада ойындарында тректегі велоспорттан іріктеу кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

ҚР ҰОК мәліметінше, спортшылар спринттен сынға түсті. Қазақстан намысын Андрей Чугай қорғаған болатын.

Велошабандоз 30-орыннан көрінді. Ол келесі айналымға өте алған жоқ. 

1/32 финалға 24 спортшы жолдама алды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.