Боксшы Назым Қызайбайдың үй жағында асфальт төселіп жатқан видео тарады

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

Әлеуметтік желіде Назым Қызайбайдың үйінің ауласында жол жөндеушілердің жүргені түсірілген видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

«Олимпиаданың қола жүлдегері Назым Қызайбайды күтіп алуға дайындалып жатырмыз. Назым келгенше жаңалап қоямыз. Жол жиегіндегі тастарды ауыстырамыз. Қолдап кетіңіздер», – дейді кадр сыртындағы дауыс иесі.

Бұған желі қолданушылары түрлі пікір білдірген.

«Бәрекелді!», «Жақсы. Бірақ асфальтты тек қана Назымның, Сметовтің үйінің алдына емес, бүкіл Қазақстанның аймақтарында да салу керек. Сосын тесіктерді жамамай, дұрыстап сапалы төсемей ме?!», «Чемпион болмасаң асфальт төселмейді деген сөз ғой», «Ауыл болып Олимпиадаға қатысамыз ба, не істейміз?», деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Официальная дополнительная страница телеканала Caspian News (@caspian.life)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.