Жылама, Назым, атады таңың: Сәкен Майғазиев Олимпиадада қола алған спортшы қызды жұбатты

Қазіргі кезде Парижде Олимпиада ойындары болып жатыр.

Танымал әнші Сәкен Майғазиев желідегі парақшасына Олимпиадада алтын ала алмаған Назым Қызайбайды ерекше жұбатты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол Олимпиада ойындары басталғалы күн сайын қазақстандық спортшыларды бақылап жүргенін де білдірген. 

"Жылама, Назым, атады таңың, Сенің де келер бір көктемің...", - деп жазды өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Еске сала кетейік, алтын ала алмай қалған боксшы журналистке сұқбат беріп тұрып, жылап қалған болатын.