290 мыңнан астам қорап темекі заңсыз айналымнан шығарылды

4 күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысында темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізу фактілері бойынша 4 қылмыстық істі тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Анықталған темекі өнімдерінің жалпы сомасы 168 млн теңгеден асады.  

– Жүргізілген рейдтер барысында сәйкестендіру құралдарынсыз темекінің жария түрде сатылғаны, сондай-ақ Қостанай қаласының аумағында сақтау орындары анықталды. 

Айналымнан 290 мыңнан астам қорап темекі алынды.  

Заңсыз қызметті жүзеге асырған 4 күдіктіге қатысты қылмыстық істер сотқа жіберілді, – деді агенттік өкілдері. 

Сот оларды кінәлі деп танып, айыппұлдар мен бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазалар тағайындады.  

Барлық тәркіленген өнім жойылуға жатады.