Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.