Әлеуметтік желіде мұсылмандардың отбасы құруы үшін танысуына көмектесуге арналған халықаралық «Махрам» жобасы бар, – деп хабарлайды Aikyn.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Мұсылман жас қыздардың неке құруына арналған видеолар сипаттамаларымен жарияланып отырады. Солардың бірі – 17 жастағы Шахизада, Алматы қаласынан.
«Тұрмыста болмағанмын, балаларым жоқ. Колледж тәмамдадым. Қазақ және орыс тілдерін білемін. Ол туралы айтатын болсам: 18-25 жас аралығында, балалары болса да, қарсы емеспін. Ең бастысы, Қазақстанда тұруы керек. Көп әйел алуын құптаймын. Көшіп кетуді де қарастырамын», – делінген видео сипаттамасында.
Осы секілді отбасы құруға дайын әйелдер мен ерлердің сауалнамалары өте көп. Видеоларға жазылған пікірлер де бір-біріне кереғар.
«Соңғы кезде байқағаным, дінге қатты берілгендердің өз ұлтына деген жанашырлығы жоқ сияқты. Бұл ислам ғой, демеуші іздеудің қажеті жоқ. Сектаға ұқсайды екен, тұрмысқа шығуға сонша асыққандары болмады. Жас қыздарға жеңгетай болуға қорықпайсыңдар ма?», – деп жазған олар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Тelegram арнасынан таба аласыз.